Accessibility links

Экзит-полл: Нұрсұлтан Назарбаев 97,5 пайыз дауыс алды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстандық ақпарат агенттіктері мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының экзит-полл нәтижесі бойынша қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,5 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Сауалнаманы өткізген - билікшіл "Қазақстан азаматтық альянсы" ұйымы.

Ел аумағында сауалнама жүргізгендерін айтқан "Демократия институты" қауымдастығының директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, экзит-полл нәтижесіне қарағанда президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі Тұрғын Сыздықов - 1,87 пайыз, екіншісі Әбілғазы Құсайынов 0,63 пайыз дауыс алған.

Сайлаудың алдын-ала ресми қорытындысы дүйсенбі күні жарияланады.

XS
SM
MD
LG