Accessibility links

Алматыда "Адем" сауда орталығы өртеніп жатыр


"Адем" сауда орталығынан шыққан өрттің түтіні. Алматы, 27 сәуір 2015 жыл.

"Адем" сауда орталығынан шыққан өрттің түтіні. Алматы, 27 сәуір 2015 жыл.

Алматыда Солтүстік айналма жолы аумағында орналасқан қаладағы ең ірі жабық сауда кешендірінің бірі "Адем" өртеніп жатыр. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, өрт 26 сәуір күні сағат 21 шамасында басталған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, әзірге өрттің неден шыққаны және зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Алдын-ала болжам бойынша, өрт аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. 27 сәуірде сағат 6:30 шамасында өрттің басқа аумаққа жайылуының алды алынған. Өртке куә болғандардың әлеуметтік желілерге салған суреттеріне қарағанда, сауда орталығы түгелдей отқа оранған.

Алматыдағы базарлардың өртеніп жатқаны бірінші рет емес. 2013 жылы қыркүйекте "Барахолка" атанып кеткен сауда орындары аумағында орналасқан "Олжа", "Аян", "Еуразия", "Керемет" базарлары да өртенген. Қараша айында осы аумақтағы "Құлагер" мен "Арал" базарлары да өртенді. "Алатау-2" базарында да екі рет өрт болды. Алғашқы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде базарлардың бірінің басшылығы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды деп айыпталған. Басқа базарлардағы өрттердің шығу себептері ашылмаған күйі қалды.

2012 жылы қала басшылығы Солтүстік айналма жолын кеңейту үшін "Барахолкадағы" 34 базардың сүрілетінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG