Accessibility links

Непал: Зілзала құрбаны саны 3200 адамнан асты


Непал астанасы Катмандудегі жер сілкінісінен кейінгі көрініс. 25 сәуір 2015 жыл.
Непал астанасы Катмандудегі жер сілкінісінен кейінгі көрініс. 25 сәуір 2015 жыл.

Непал билігі 25 сәуірде болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3200-ден асқанын хабарлады. Жараланғандар саны 6 мың 500 адамнан асқан. Жер сілкінісінен кейін Гималай тауларында бірнеше рет қар көшкіні жүрген.

Құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері ауруханалар жаралыларға лық толып, медициналық керек-жарақ жетіспей жатқанын айтады. Қар көшкіні құтқарушылардың таулы соқпақтармен апаттан зардап шеккендерді тасымалдауына кедергі келтіріп жатыр.

БҰҰ өкілдері көшелерде, адамдардың ашық аспа астында, көшеде жатуы мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі індет таралуына жағдай жасауы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.

Көршілес елдер Непалға дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен азық-түлік, ауыз су тиеген әскери ұшақтарын жіберіп жатыр.

25 сәуірде Непал астанасы Катманду қаласы маңында қуаттылығы 7,8 магнитуданы құрайтын күшті жер сілкінісі болған. Зілзаланің күшті болғаны соншалық, дүмпуі Үндістанның солтүстігі, Бангладеш, Пәкістан мен Қытайдың Тибет аймағында да сезілген. Жер сілкнісінен кейінгі афтершок 26 сәуірде де қайталанды.

XS
SM
MD
LG