Accessibility links

"Адемдегі" өрт аумағы оқшауланды


Өртенген "Адем" сауда кешені. Алматы, 27 сәуір 2015 жыл.

Өртенген "Адем" сауда кешені. Алматы, 27 сәуір 2015 жыл.

Алматыда өртенген "Адем" сауда кешеніндегі өрт аумағы оқшауланды деп хабарлады Азаттық тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бағдат Шайзада.

Шайзаданың сөзінше, сәуірдің 26-сы күні сағат 21 шамасында басталып, кешеннің бір ғимаратын түгел өртеген жалын аумағы бүгін таңертең сағат 6:30 шамасында оқшауланған. Кешеннің бір ғимараты түгел өртеніп, екінші ғимаратын да шарпыған. Қазір ғимараттың артқы жағындағы өртті сөндіріп жатыр.

- Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт басталғанда жел секундына 70 метр жылдамдықпен соққандықтан өртті өшіруге қиындық тудырды. Бұған қоса "Адем" кешені аумағындағы судың қысымы да төмен болып, өрт сөндіру көліктері қажетті суды ала алмай қалды. Бұған қоса кешендегі бутиктерде жарылғыш газ баллондары да болған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді Бағдат Шайзада.

Қазір "Адемнің" өрт шарпыған кешеніне тауарларын сыртқа алып шыққысы келген саудагерлерді полиция кіргізбей тұр. Саудагерлер Азаттық тілшісіне "өрттің жаппай таралуына және екінші кешенді шарпуына жол бермеуге болатын еді, бірақ өрт сөндірушілер дұрыс істемеді" дейді. Саудагерлердің сөзінше, өрт басталғанда департамент басшысы айтқандай күшті жел болмаған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG