Accessibility links

ШЫҰ сайлауда "заң бұзылмағанын" мәлімдеді


Астанадағы сайлау бөлімшесінде тұрған дауыс беру жәшігі. 26 сәуір 2015 жыл.
Астанадағы сайлау бөлімшесінде тұрған дауыс беру жәшігі. 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстандағы президент сайлауы "ашық, еркін, демократиялық түрде және Қазақстан конституциясы мен сайлау туралы заңына сай өтті деп мәлімдеді бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) бақылаушылар миссиясының басшысы әрі осы ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев.

"Миссия сайлау заңдары талаптарының бұзылғанын байқаған жоқ" деген Мезенцев бақылаушылар барған сайлау бөлімшелерінде "Нұр Отан" партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясынының бақылаушылары мен кандидаттардың сенімді өкілдері болғанын айтты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өткен. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша,сайлауда қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайыз даусын жинап, жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG