Accessibility links

Назарбаев: Теңгенің құнсыздануына себеп жоқ


Қазақстан валютасы, теңге. (Көрнекі сурет).

Қазақстан валютасы, теңге. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада баспасөз жиынында теңгені күрт құлдыратуға негіз жоқ деді. Оның сөзінше, соңғы жарты жылда Еуразия экономикалық одағындағы серіктес Ресей валютасы біршама құлдырағанына қарамастан валюта бағамына қатысты жағдай "тұрақты" және "теңгені девальвациялау жоспарда жоқ".

"Біз теңге бағамының еркін болуына жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл күрделі мәселе, біз мұны Халықаралық валюта қорымен бірігіп шешеміз. Бұл процес кемінде бес жыл жүреді" деді Назарбаев.

2014 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметі теңгені бірден 20 пайызға құлдыратқан. Қазақстан Ұлттық банкі ол кезде бір АҚШ доллары 150 теңге болып тұрған бағамнан бас тартып, доллар бағамын 182-188 теңге аралығында деп белгілеген. Бұдан соң елде импорттық тауарлар бағасы қымбаттап, тұрғындардың шетел валютасымен салған салымдарының үлесі артқан.

Бүгін Ұлттық банк белгілеген теңгенің ресми бағамы бір АҚШ доллары үшін 185,8 теңгені құрайды.

XS
SM
MD
LG