Accessibility links

Сайлауда топтап бюллетень тастау байқалды – ЕҚЫҰ


Кезектен тыс президент сайлауында әлеуметтік қызметкердің қарттардың дауыс беруіне араласу сәті. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл

Кезектен тыс президент сайлауында әлеуметтік қызметкердің қарттардың дауыс беруіне араласу сәті. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл

Қазақстанда өткен кезектен тыс президен сайлауы кезінде бюллетеньдерді сайлау жәшігіне топтап тастау оқиғалары байқалды.

Бұл туралы дүйсенбі күні, ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы атынан келген бақылаушылар таратқан құжатта айтылған.

Ақпаратқа қарағанда бюллетеньдерді тастаудың 46 оқиғасы тіркелген, сонымен бірге дауыс берушілердің қойылған қолдарының ұқсастығы, топтасып дауыс беру, сайлау бюллетеньдерін салатын жәшіктің тиісті талапқа сай бекітілмегені, бірнеше мәрте дауыс беру мен дауыс берушілерге қысым жасалғаны да айтылған.

XS
SM
MD
LG