Accessibility links

ЕО Украинаға бітімгерлік күштерін жібермейді


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск (сол жақта), Украина президенті Петр Порошенко (ортада) және Еуропа комиссиясының басшысы Жан-Клод Юнкер. Киев, 27 сәуір 2015 жыл.
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск (сол жақта), Украина президенті Петр Порошенко (ортада) және Еуропа комиссиясының басшысы Жан-Клод Юнкер. Киев, 27 сәуір 2015 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері басшылары Киевте өткен саммитте Украинаның елдің шығысындағы әскери іс-қимылдар аймағына бітімгерлік күштерін жіберу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бірақ ЕО Украинаға беретін гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуға келісті. Донбассқа бітімгерлік күштерін кіргізуді Украина президенті Петр Порошенко сұраған.

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск 27 сәуірде ЕО-Украина саммитінен соң "Біз Украинаның бізден не күтіп отырғанынан хабардармыз. Бірақ әскери миссияны жіберу мүмкін емес" деп мәлімдеді. Ол бұған қоса таяуда ЕО Украинаға азаматтық миссиясын жіберетінін айтты.

БҰҰ деректері бойынша, Украина шығысында үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыста алты мыңнан астам адам қаза тапты. Бір милилонға тарта адам тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған. Порошенко Брюссельді Украинаның ЕО-ға кіру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырып, Украина одаққа кіруге өтініш беру үшін тиісті шарттарды алдағы бес жыл ішінде орындай алатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG