Accessibility links

Түркіменстанның алғашқы спутнигі орбитаға шықты


Канаверал мүйісінен зымыран ұшыру сәті, АҚШ. (Көрнекі сурет).

Канаверал мүйісінен зымыран ұшыру сәті, АҚШ. (Көрнекі сурет).

Түркіменстанның алғашқы телекоммуникациялық TurkmenAlem52E спутнигі геостационарлық орбитаға шығарылды. Спутникті 28 сәуірде Астана уақытымен сағат 5:03-те АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен SpaceX компаниясының зымыран тасығышы алып ұшты.

Түркімен спутнигін құрастырған франциялық Thales Alenia Space компаниясының дерегінше, спутник Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы 1,2 миллард адам тұратын территорияда телехабар тарату мен ұялы байланыс қызметін көрсету үшін жұмыс істейді.

"Түркіменстанның болашақ ғарыштық жобалары үшін спутниктің ұшырылғаны маңызды қадам" деп мәлімдеді ұшырылым алдында Thales Alenia Space компаниясы президенті Жан-Лоик Галь.

Калифорниялық жекеменшік SpaceX компаниясының зымыран тасығышымен осымен 18-рет спутник ұшырылып отыр. Компания соңғы екі аптада екінші рет зымыран ұшырды.

XS
SM
MD
LG