Accessibility links

Адвокаттар Царнаевтың өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр


Бостон марафонындағы жарылысқа айыпты Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысқа айыпты Джохар Царнаев.

Бостонда 27 сәуірде 2013 жылғы Бостон марафонындағы жарылыстарды ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың үстінен өтіп жатқан сотта Царнаевтың адвокаттары алқа судьяларына оның өмірін сақтап қалу үшін айғақтар ұсына бастады.

Адвокат Дэвид Бруктың сөзінше, Царнаев қылмыс жасаған кезде 19 жаста болған. "Ата-анасының ажырасуы мен шешен халқының қайғылы тағдырынан психикасы бұзылған" Джохар Царнаев терактіге баулыған ағасы Тамерланның ықпалында болған деп санайды адвокаттар. "Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, 26 жастағы ағасы Тамерлан Царнаев болмаса Джохар мұндай зұлымдықты жасай алатын ба еді?" деді Брук алқа судьяларына.

Қорғаушылар бұған қоса өлім жазасын өмір бойы түрмеде отыру жазасымен алмастыру Царнаевқа рақымшылық жасау болып саналмайтынын айтты. Бруктың сөзінше, Колорадо штатындағы қатаң режимдегі түрмеде тәулігіне 23 сағат бойы жалғыз кісілік камерада отырудың өзі Царнаевқа өлім жазасымен тең. "Оған өзінің қоғамға келтірген зардабына тең жапа шектіру мүмкін емес. Себебі ешқандай жаза жасалған қылмысына тең болмайды" деді Брук.

Соңғы сауалнама нәтижелері бойынша, Бостон тұрғындарының тек 15 пайызы ғана Царнаевты өлім жазасына кесуді қолдайды. Көпшілігі түрлі себептермен Царнаевқа өмір бойына түрмеде отыру жазасын кесуді сұраған.

Қорғаушылар өз дәлел-дәйектерін екі-үш апта бойы келтіреді. Осыдан кейін айыптаушылар адвокаттар уәждеріне жауап қайтарады.

XS
SM
MD
LG