Accessibility links

Президентті ұлықтау 29 сәуірде өтеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сайлаудағы жеңісіне арналған шарада қолдаушыларына құрмет білдіріп тұр. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сайлаудағы жеңісіне арналған шарада қолдаушыларына құрмет білдіріп тұр. Астана, 27 сәуір 2015 жыл.

Кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанаты 29 сәуірде өтеді деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз жиынында Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хатшысы Бақыт Мелдешов.

Осы жиында сайлаудың түпкілікті нәтижесін жариялаған ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушылардың 97,75 пайыз даусын жинап, кезекті бес жыл мерзімге президент болып қайта сайланғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG