Accessibility links

Алматы іргесінде Көксай тұрғындары наразылық танытты


Алматы іргесіндегі Көксай ауылының тұрғындары наразылық танытып жатыр. Алматы облысы, 28 сәуір 2015 жыл.
Алматы іргесіндегі Көксай ауылының тұрғындары наразылық танытып жатыр. Алматы облысы, 28 сәуір 2015 жыл.

Бүгін Алматының іргесіндегі Қарасай ауданына қарайтын Көксай ауылының ондаған тұрғыны үйлерінің сүрілетініне наразылық танытты.

Тұрғындардың Азаттық тілшісіне айтуынша, оларға төрт жарым сотықтан жер әуелде жеке тұрғын үй салу үшін емес, шаруашылық жүргізу мақсатында берілген. 2012 жылдан бастап тұрғындар жерлеріне үй сала бастаған. Қазір ауылда сүріледі делінген жүздей үй бар.

"Үйлерімізді Ақын Сара көшесінен Шамалған станциясына баратын жолды кеңейту үшін сүріледі деп ескерткен. Бізге үйлерің заңдастырылмаған деп жердің өтемақысын ғана төлемек. Бірақ біз биылғы жылдың соңына дейін жүретін капиталды заңдастыру шарасын пайдаланып үйімізді заңдастырғанша сүрмеуді талап етеміз" дейді тұрғындар.

Тұрғындар бұған қоса "билік орындары мәселемізді шешуге кіріспей отыр" деп те наразы. Азаттық тілшісінің айтуынша, тұрғындардың қолдарында аудан әкімдігіне, прокуратурасына жазған хаттары бар.

Тұрғындар мәселелері шешілмейтін болса қарсылық шарасын ары қарай да жалғастыра беретінін айтады.

XS
SM
MD
LG