Accessibility links

Көпір құрылысы қирауына қатысты іс қозғалды


Алматыда құрылыс конструкциясы қираған көпір. 24 сәуір 2015 жыл.

Алматыда құрылыс конструкциясы қираған көпір. 24 сәуір 2015 жыл.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті қаладағы салынып жатқан жолайрығындағы көпір құрылысының қирауына байланысты қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қылмыстық іс "құрылыс және тау жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережесін бұзу" бабы бойынша қозғалған.

Рысқұлов даңғылы мен Ахрименко көшесі қиылысындағы жолайрығындағы конструкция 24 сәуірде қираған. Оқиға орнында жараланған 19 жұмысшы ауруханаға түскен. Оның оны әлі ауруханада жатыр. Оқиға болған күннің ертеңінде қирандыларды аршу кезінде бір жұмысшының денесі табылған.

XS
SM
MD
LG