Accessibility links

Непалдағы зілзала құрбандары саны 4300-ден асты


Непал, Қытай және Түркия құтқарушылары зілзаладан қираған қонақүй орнын аршып жатыр. Катманду, Непал, 27 сәуір 2015 жыл.

Непал, Қытай және Түркия құтқарушылары зілзаладан қираған қонақүй орнын аршып жатыр. Катманду, Непал, 27 сәуір 2015 жыл.

Непалдағы күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4300 адамнан асты. Непал билігінің 28 сәуірде хабарлауынша, зілзала салдарынан 8 мың адам жараланған.

Непал Астанасы Катманду маңында 25 сәуірде қуаттылығы 7,8 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болған. Катмандуда зілзаладан кейін мыңдаған адам жол жиектерінде, көшелер мен парктерде, қолдан жасалған шатырларда тұрып жатыр.

Ауруханалар жаралыларға толған, аймақта ауыз су, азық-түлік пен дәрі-дәрмек, құтқару жұмыстарына қосымша адам күші жетіспейді.

Непалға шетелдерден, оның ішінде алдымен Қытай мен Үндістаннан гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.

27 сәуірде АҚШ Непалға қосымша 9 миллион АҚШ долларына тең гуманитарлық көмек көрсететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG