Accessibility links

FH: Қазақстан баспасөз еркіндігі төмен елдер қатарында


Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының баяндамасы бойынша жасалған әлемдегі баспасөз еркіндігі деңгейінің картасынан скриншот. 29 сәуір 2015 жыл.

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының баяндамасы бойынша жасалған әлемдегі баспасөз еркіндігі деңгейінің картасынан скриншот. 29 сәуір 2015 жыл.

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының 29 сәуірде жариялаған баяндамасы бойынша, Қазақстан баспасөз еркіндігінің деңгейі төмен елдер қатарында тұр. Зерттеулерге қарағанда, Қазақстандағы баспасөз еркіндігінің шектелу деңгейін Беларусь, Иран, Түркіменстан, Өзбекстан және Ресей аннексиялап алған Қырымның көрсеткіштерімен салыстыруға болады.

Ұйым зерттеуінде әлемде өткен жылы баспасөз еркіндігі деңгейі соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіштерге дейін түскенін айтады. Әлемдегі баспасөз еркіндігін шектеудің негізгі факторы репрессиялық заңдар қабылдау, журналистерге қатаң қарау болып саналады. Freedom House баяндамасында бірқатар елдердің, оның ішінде Әзербайжан үкіметін журналистерді қудалап, ақпарат құралдарын жапқаны және өзгеше ойлайтындарды басып-жаныштағаны үшін сынаған.

Баяндамада бұған қоса ресейлік ақпарат құралдарының көпшілігіне үкімет өкімін жүргізіп, билікке қарсы сын айтқандарды қудалап отырғаны да айтылады. Ұйым Ресей үкіметін "медиа кеңістіктің өңін айналдыру және шынайы журналистиканы ығыстыру үшін басқыншылық сипаттағы, көбінесе қандай да бір негізі жоқ үгіт-насихатты күшейтті" деп сынайды.

XS
SM
MD
LG