Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев ант қабылдады


Президент Нұрсұлтан Назарбаев ант қабылдап тұр. 29 сәуір 2015. 24.kz арнасынан скриншот.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ант қабылдап тұр. 29 сәуір 2015. 24.kz арнасынан скриншот.

Кезектен тыс сайлауда қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ұлықтау салтанатында ант қабылдады.

Ұлықтау салтанатында Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов Назарбаевтың конституцияның 42 бабы бойынша ант қабылдағаннан кейін ресми түрде қызметіне кірісетінін мәлімдеді. Бұдан соң Наразарбаев конституцияға қолын қойып тұрып Қазақстан халқына ант қабылдап, мемлекеттік туды сүйді.

Ант қабылдаған соң Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Назарбаевқа президент куәлігін тапсырды.

XS
SM
MD
LG