Accessibility links

Назарбаев Мәсімовті премьерлікке қайта ұсынды


Қазақстан премьер-министрлігіне кандидат Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрлігіне кандидат Кәрім Мәсімов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне өкілеттігін доғарған премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын қайта ұсынды. Бұл жайында Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Қазақстан үкіметі бүгін президент Назарбаевтың қайтадан қызметіне кірісуіне байланысты конституция талабы бойынша өкілетін доғарған. Конституция бойынша, президент мәжілістегі саяси партия фракцияларымен кеңескеннен соң мәжіліске премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуы тиіс. Мәжіліс үміткерді қолдаса, президент оны премьер-министр етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған премьер он күн ішінде президентке жаңа үкімет құрамы жоспарын ұсынады.

Кәрім Мәсімов Қазақстан үкіметін 2014 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді. 2000 жылдан бастап түрлі министрліктерді басқарған Кәрім Мәсімов премьер-министр қызметіне екі рет тағайындалған. 2007-2012 жылдары үкімет басқарған ол бұл қызметте ең ұзақ отырған адам ретінде сипаталған.

XS
SM
MD
LG