Accessibility links

Парламент Мәсімовтің кандидатурасын қолдады


Қазақстан премьер-министрі қызметіне кандидат Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі қызметіне кандидат Кәрім Мәсімов.

Парламент мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілері президент Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр қызметіне ұсынған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын қолдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев "мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін үкіметтің жұмысын жалғастыра беру қажетін айтып, премьерлікке Мәсімовті ұсынған.

"Халықтық коммунистер" фракциясының жетекшісі Владислав Косарев, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, "Нұр Отан" партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева Кәрімовтің "тәжірибелі" екенін, парламенттің үкіметпен жұмысы "жөнге келіп қалғанын" айтып, Мәсімовтің кандидатурасын қолдаған.

Кәрім Мәсімов Қазақстан үкіметін 2014 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді. 2000 жылдан бастап түрлі министрліктерді басқарған Кәрім Мәсімов премьер-министр қызметіне екі рет тағайындалған. 2007-2012 жылдары үкімет басқарған ол бұл қызметте ең ұзақ отырған адам ретінде сипаталған.

XS
SM
MD
LG