Accessibility links

Мәсімов премьерлікке қайта тағайындалды


Қайта тағайындалған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қайта тағайындалған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігі тоқтаған Кәрім Мәсімовті қайтадан премьер-министрі етіп тағайындады. Ол Мәсімовтің кандидатурасын бүгін мәжіліс депутаттарымен отырысында "мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін" үкіметтің жұмысын жалғастыра беру қажетін айтып өзі ұсынған. Парламенттегі "Нұр Отан", "Ақ жол" және Қазақстан халықтық коммунистік партияларының фракциялары ұсынысты қолдаған.

Кәрім Мәсімов Қазақстан үкіметін 2014 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді. 2000 жылдан бастап түрлі министрліктерді басқарған Кәрім Мәсімов премьер-министр қызметіне екі рет тағайындалған. 2007-2012 жылдары үкімет басқарған ол бұл қызметте ең ұзақ отырған адам ретінде сипаталған.

Енді Кәрім Мәсімов президентке он күн ішінде үкіметтің жаңа құрамы жобасын ұсынуы тиіс.

XS
SM
MD
LG