Accessibility links

Одесса бір жыл бұрынғы қайғылы оқиғаны еске алады


Одессадағы Кәсіподақтар үйі ғимараты. 1 мамыр 2015 жыл.

Одессадағы Кәсіподақтар үйі ғимараты. 1 мамыр 2015 жыл.

Украинаның Одесса қаласында бүгін бұдан тура бір жыл бұрын болған қайғылы оқиғаға байланысты еске алу шаралары өтеді.

Осыған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бүгін Куликов алаңында өтетін шеру де қатаң бақылауға алынады. Оған қатысушылардың барлығы металл тексеретін арнайы құрылғыдан өткізіліп, көпшілік шараға сөмке апаруға тыйым салынады.

Бұл күні өтетін шаралар барысында тәртіпті қадағалау Украина қауіпсіздік қызметінің «Альфа» арнайы бөлімшесіне жүктелген. Бөлімше сарбаздары бұған дейін Донбастағы ресейшіл сепаратистерге қарсы операция аймағында әскери міндеттер атқарған.

2014 жылы сәуірдің 2-і күні Одессадағы Кәсіподақтар үйіндегі өрттен ондаған адам қаза тапқан. Ғимараттағы өрт «Украина бірлігі үшін» шеруіне қатысушылар мен Майданға қарсылар арасындағы қақтығыстар кезінде шыққан.

Одессада соңғы өткен бірнеше айда жиырмадан аса рет жарылыстар болған. 16 оқиға бойынша жарылысқа қатысы барлар анықталған,б ес жарылысты кімдер жасағаны әзірше белгісіз. Жарылыстарға байланысты 31 адамға айып тағылып, 23 күдіктіге іздеу жарияланған. Сонымен бірге, 24 жарылыстың алдын алған деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG