Accessibility links

Айова штаты құс тұмауына қарсы төтенше жағдай енгізді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Айова штатының губернаторы құс тұмауы індетіне байланысты жұма күні аймақта төтенше жағдай жариялаған. Штаттағы құс өсіретін фермалардың кемінде тоғызында құс тұмауы анықталғаны хабарланған. Бірақ, індет тараған фермалар саны бұдан екі есе көп болуы мүмкін деген болжам бар. Губернатор "құс тұмауы адам денсаулығына қауіп төндірмейтінін" айтады.

Штат көлемінде төтенше жағдай жариялануы жергілікті билікке қатерлі вирустың таралуына жол бермеу үшін қосымша шаралар қолдануға, соның ішінде жеке меншіктегі дерт жұқтырған құсты жоюға мүмкіндік береді.

АҚШ-та жұмыртқа өндіретін ең ірі аймақ саналатын Айова штатында, бұл жолғы есеп бойынша, 16 миллионға дейін тауық жойылуы ықтимал. Өткен айда құс тұмауы індетіне байланысты Миннесота және Висконсин штаттарында төтенше жағдай тәртібі енгізілген. АҚШ-та құс тұмауына байланысты жойылатын тауық пен күркетауықтың жалпы саны 21 миллионға жетуі мүмкін.

АҚШ-та құс тұмауы 2014 жылдың соңынан бастап тарай бастаған. Содан бері ондаған ел АҚШ-тың бірқатар штаттарынан құс етін әкелуге ішінара немесе толық тыйым салған.

XS
SM
MD
LG