Accessibility links

Алматыдан 450 шақырымда жер сілкінген


Жер сілкінісін тіркейтін аспаптың жазбасы. (Көрнекі сурет)

Жер сілкінісін тіркейтін аспаптың жазбасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 450 шақырым қашықтықта, Қытай территориясында жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлады.

«Мамырдың 2-і күні Алматы уақытымен 11 сағат 47 минут 6 секундта Қазақстанмен көрші Қытай аумағында 4,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді» делінген орталық сайтында жарияланған ақпаратта.

Орталық дерегі бойынша, жер сілкінісінің ошағы бес километр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы өңірінде сезілмеген және зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG