Accessibility links

Boeing 777 құлаған жердегі іздеу шарасы аяқталды


Нидерландтық тергеушілер әуеден құлаған малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының бөлшегі жатқан жерде тұр. Донецк облысы, Украина, 6 қараша 2014 жыл.

Нидерландтық тергеушілер әуеден құлаған малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының бөлшегі жатқан жерде тұр. Донецк облысы, Украина, 6 қараша 2014 жыл.

Украинаның Донецк облысында малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлаған жердегі іздеу жұмыстары аяқталды. Жексенбі күні Харьковтен Эйндховенге (Нидерланд) ұшақ апатында қаза тапқандардың сүйектері салынған соңғы жеті контейнер жөнелтілмек. Бұл туралы Нидерланд қауіпсіздік және әділет министрі Герард Адриан ван дер Стюр хабарлаған.

Оның айтуынша, халықаралық іздеу тобы жұмыстарының аяқталуы «бұдан кейін жаңа материалдар табылмайды» дегенді білдірмейді. Алайда, сонымен бірге министр «табуға мүмкін болатын нәрсенің барлығы табылып, жөнелтуге әзірленіп қойылғанын» айтқан. Қазіргі кезде әуе апатында қаза тапқан Нидерландтың екі азаматының сүйектері әлі анықталған жоқ.

2014 жылы шілденің 17-сі күні Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурге MH17 рейсімен бара жатқан Boeing 777 жолаушылар ұшағы Украинаның Донецк облысы аумағында құлаған еді. Апаттан ұшақ бортындағы 298 адам түгел қаза тапқан, көпшілігі – Нидерланд азаматтары.

Киев ұшақты ресейшіл сепаратистер атып түсірді деп санайды. Бірақ, сепаратистер ұшақ апатына өздерінің қатысы жоғын айтып, апатқа украин әскерилерін кінәлайды.

XS
SM
MD
LG