Accessibility links

Британ ханзадасы отбасында тағы бір сәби дүниеге келді


Ханзада Уильям мен Кембридж герцогинясы Кэтрин тұңғыштары ханзада Джордж Александр Луимен. Ондон, 23 қазан 2013 жыл.

Ханзада Уильям мен Кембридж герцогинясы Кэтрин тұңғыштары ханзада Джордж Александр Луимен. Ондон, 23 қазан 2013 жыл.

Ұлыбритания ханзадасы, патшайым Екінші Елизаветаның немересі Уильямның жұбайы Кембридж герцогинясы Кэтрин бүгін дүниеге қыз бала әкелді.

Кенсингтон сарайының хабарлауынша, анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Сәби дүниеге келген сәтте анасының жанында әкесі де болған деп хабарланды.

Бұған дейін, 2013 жылы шілденің 22-і күні ханзада Уильям мен герцогиня Кэтриннің тұңғыштары – ханзада Джордж Александр Луи туған.

Кенсингтон сарайының Twitter-хабарламалары:

Жаңадан дүние келген нәресте британ патша тағына атасы Уэльс ханзадасы Чарльз, әкесі Уильям және ағасынан кейінгі төртінші мұрагер болмақ.

XS
SM
MD
LG