Accessibility links

Монстрация үшін сот суретшіні 10 күнге қамаған


Артем Лоскутов жыл сайынғы Монстрация кезінде. Новосибирск, 1 мамыр 2015 жыл.

Артем Лоскутов жыл сайынғы Монстрация кезінде. Новосибирск, 1 мамыр 2015 жыл.

Ресейдің Новосибирск қаласында сот суретші Артем Лоскутовты полиция талабына бағынбағаны үшін айыпты деп тауып, 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарған. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады. Артем Лоскутов – рұқсат етілмеген Монстрация шеруінің ұйымдастырушысы.

Сот кезінде жұма күні өткен шарада түсірілген видео көрсетілген. Сонымен бірге сот Монстрацияға қатысушылардың жауаптарын тыңдаған. Белсенділер рұқсат етілген шеруге қосылмақ болғандарын, бірақ өздерін полиция оларға жібермей қойғанын айтқан. Сот олардың берген куәліктерін «көңілге қонбайтын дәлел» деп тапқан.

Новосибирскіде жыл сайынғы дәстүрлі Монстрация шеруі мамырдың 1-і күні осымен 12-рет өткізілген. Биыл бұл шараға қала билігі келісім бермеген соң, оған қатысушылар «Яблоко» партиясы колоннасы қатарында, полиция қоршауынан шықпай шерумен жүріп өткен.

Артем Лоскутовты монстранттар шеруі аяқталған соң ұстаған. Полиция басқармасында суретшіні экстремизмге қарсы орталық қызметкерлері қармағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG