Accessibility links

Одессада еске алу шаралары өтті


Цветы на одной из улиц Одессы в память о погибших. 2 мая 2015 года.
Цветы на одной из улиц Одессы в память о погибших. 2 мая 2015 года.

Украинаның Одесса қаласында сенбі күні бір жыл бұрынғы қайғылы оқиғаға байланысты еске алу шаралары екі жерде – Собор алаңы мен Куликов алаңында өткен.

Сенбі күні таңертеңнен жұрт 2014 жылы мамырдың 2-інде қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын әкеп қойды. Қала орталығында сол оқиғалар кезінде қаза тапқан ондаған адам туралы ақпараттар жазылған плакаттар ілінген.

Еске алу шаралары жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-те басталды. Куликов алаңындағы еске алу шарасына шамалы адам қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Жиналғандардың арасында 2014 жылы мамырдың 2-і күнгі оқиғаларда қаза тапқандардың туыстары болған. Шарада дыбыс күшейткіш құралдарды қолдануға тыйым салынған. Ұйымдастырушылар еске алу шарасын әлдекімдердің үгіт мақсатында пайдаланып кетуін қаламайтындықтарын айтқан.

Бұл күні Одессада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Куликов алаңының айналасында әскери техника тұрды.

2014 жылы сәуірдің 2-і күні Одессадағы Кәсіподақтар үйіндегі өрттен ондаған адам қаза тапқан. Өрт «Украина бірлігі үшін» шеруіне қатысушылар мен Майданға қарсылар арасындағы қақтығыстар кезінде ғимарат жанындағы баррикададан шыққан. Баррикаданы кім өртегені әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG