Accessibility links

Жерорта теңізінде мыңдаған мигрант құтқарылған


Теңізде құтқарылған мигранттар Сицилия портына жеткізілді. Италия, 23 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Теңізде құтқарылған мигранттар Сицилия портына жеткізілді. Италия, 23 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Жерорта теңізінде соңғы тәулікте 3700-дей мигрантты құтқарып қалған. Италияның жағалау күзет қызметіне сілтеме жасап ВВС-дің хабарлауынша, құтқарылғандардың барлығы Италия порттарына жеткізілген. Италия мен Франция әскери-теңіз күштері бірнеше операция жүргізіп, мигранттарды теңіз суынан құтқарып қалған.

Жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға заңсыз жолмен жетпек болған кемінде 1750 адам суға кетіп қаза тапқан. Халықаралық көші-қон ұйымы биыл Жерорта теңізінде 30 мың мигрант суға кетіп мерт болуы ықтимал деп ескертті. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен он есеге көп.

Сәуір айында Ливия жағалауына жақын маңда кеме суға батып, 800-ден аса адам мерт болған соң, Еуропа Одағы елдері жетекшілері шұғыл жиын өткізіп, Жерорта теңізіндегі құтқару операцияларына бөлінетін қаржы көлемін үш есе ұлғайту туралы шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG