Accessibility links

Бүгін - дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні


Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне арналған карикатура көрмесіндегі суретші Ибрагим Кубековтың шығармасы. Алматы, 30 сәуір 2015 жыл.

Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне арналған карикатура көрмесіндегі суретші Ибрагим Кубековтың шығармасы. Алматы, 30 сәуір 2015 жыл.

Бүгін, 3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. 1993 жылы осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы мамырдың 3-ін «Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні» деп жариялап, сөз бостандығы мен оған төнетін қауіп-қатерге назар аударуға шақырған еді. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 19-бабында сөз бостандығы адам құқықтары ретінде көрсетілген.

Атаулы күн қарсаңында халықаралық Freedom House құқық қорғау ұйымының жыл сайынғы есебінде былтыр әлемдегі сөз бостандығының деңгейі соңғы он жылда болмаған деңгейге дейін құлдырағаны айтылған. Құжатта репрессиялық заңдардың қабылдануы мен журналистерге қарсы зорлық-зомбылық әрекеттердің күшеюі әлемдегі баспасөз еркіндігін шектеудің негізгі факторлары ретінде аталған.

Халықаралық Freedom House құқық қорғау ұйымы есебіне сәйкес, Қазақстан баспасөз еркіндігі деңгейі ең төмен елдер тізіміне енген. Зерттеу Қазақстанда баспасөз еркіндігін шектеу деңгейі Иран, Түркіменстан, Өзбекстан сияқты елдер мен Ресей аннексиялап алған Қырыммен шамалас екенін көрсетеді.

Әлемнің 199 елінің ішінде Қазақстан баспасөз еркіндігі деңгейі бойынша 185-орынды иеленген. Рейтинг тізімінде Қазақстаннан кейін Солтүстік Корея, Өзбекстан, Түркіменстан, Эритрея, Қырым, Беларусь, Куба, Сирия, Иран, Экваторлық Гвинея, Бахрейн, Әзербайжан, Вьетнам және Қытай ғана тұр.

Былтырғы жылдың баяндамасында Қазақстан 187-ші, ал 2013 жылы – 182-орында болған.

XS
SM
MD
LG