Accessibility links

АҚШ Сириядағы бейбіт тұрғындар қазасы жайлы хабарды тексеріп жатыр


Әуе соққысынан кейін көтерілген түтін. Идлиб провинциясы, Сирия, 8 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Әуе соққысынан кейін көтерілген түтін. Идлиб провинциясы, Сирия, 8 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ әскерилері Сирияның солтүстігіндегі Алеппо провинциясында «әуе соққысынан кемінде 53 бейбіт тұрғын қаза болған» деген мониторинг тобының ақпаратын тексеріп жатқанын хабарлады.

Тұрғындар қазасы туралы деректі Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын қорғау тобы таратқан. Олардың мәліметі бойынша, қателесіп бейбіт тұрғындарды бомбалау оқиғасы мамырдың 1-і күні болған. Қаза тапқандардан бөлек 13 жергілікті тұрғын хабарсыз кеткенге саналып отырғаны айтылады.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскери ұшақтары «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының нысандарына соққы беру үшін күнделікті дерлік Сирия мен Ирактың әуе кеңістігіне көтеріледі.

ИМ тобына қарсы операция былтырғы қыркүйектің соңында басталған. Мамырдың 1-іне дейінгі ақпаратта коалицияның әскери-әуе шабуылдары салдарынан кемінде 66 бейбіт тұрғын опат болған деп хабарланған. Осы кезең ішінде әуе соққысынан екі мыңға жуық экстремистің көзі жойылған дейді сириялық құқық қорғаушылар.

XS
SM
MD
LG