Accessibility links

Украинада ЕҚЫҰ бақылаушылары оқ астында қалған


ЕҚЫҰ бақылаушылары украиналық әскерилермен сөйлесіп тұр. Широкино селосы, Донецк облысы, 19 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

ЕҚЫҰ бақылаушылары украиналық әскерилермен сөйлесіп тұр. Широкино селосы, Донецк облысы, 19 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинада Мариуполь қаласы маңындағы Широкино селосында сепаратистермен ұрыста Ұлттық гвардияның «Донбасс» батальонының екі сарбазы жараланып, кейін біреуі операция үстінде қайтыс болғаны туралы ақпарат батальонның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Онда Широкинодағы шайқас екінші тәулік бойы жалғасып жатқаны айтылған. Украинаның шығысындағы арнайы операция баспасөз орталығының дерегі бойынша, сенбі мен өткен түні шайқас аймағында жағдай өте тынышсыз болған. Атап айтқанда, Донецк қаласы мен оның төңірегінде және әуежай ауданында ұрыстар жалғасқан. Хабарламада сенбі күнгі сағат 18.00-ден бастап сепаратистер тарапынан атысты тоқтату режимі 28 рет бұзылғаны айтылған. Марьинка елді мекенін атқылау салдарынан бейбіт тұрғын мерт болған.

Өз кезегінде сепаратистер украиналық әскерилер атысты тоқтату тәртібін 36 рет бұзып, оқ атқан деп айыптаған. Донецкідегі травмотологиялық орталық өкілінің мәлімдеуінше, өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» жағындағы алты «ерікті» жараланған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Украинадағы арнайы мониторингтік миссиясы мамырдың 2-сі күні осы ұйымының бақылаушылары үш рет оқ астында қалғаны, бірақ ешкім зардап шекпегені туалы хабарлады. Миссия мәлімдемесінде әлгі үш оқиғаның бірінде сенбі күні түстен кейін бақылаушыларға Широкино елді мекенінде әскери қарудан оқ атылғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG