Accessibility links

Сот күдікті Қайрат Жамалиевті қамауда ұстауды мақұлдады


Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов. Фото әлеуметтік желіден алынды.
Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов. Фото әлеуметтік желіден алынды.

Астана қалалық соты Әліби Жұмағұловты соққыға жығу оқиғасы бойынша күдікті – кәсіпкер Қайрат Жамалиевті қамауда қалдыру туралы шешім шығарған. Бұл туралы бүгін Жұмағұловтың адвокаты Хамида Айтқалиева хабарлаған.

Өз фирмасының Facebook-тегі парақшасында адвокат бүгін Астана қалалық соты Қайрат Жамалиевті қамауда ұстау туралы осы істі жүргізіп жатқан тергеушінің өтінішін қанағаттандырған тергеу сотының қаулысын күшінде қалдырғаны туралы жазған. Бұған дейін Жамалиев екі ай мерзімге қамауға алынып, мүліктеріне арест салынғаны хабарланған.

Сонымен бірге, Қайрат Жамалиевті қорғауға жаңа адвокат – Шайхин Мұхамбетқал жұмысқа кіріскені айтылған. «Ол өз ісін білетін жақсы адвокат. Күн сайын Әліби Жұмағұловтың қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген адвокат Хамида Айтқалиеваның хабарламасында.

Астаналық Нұрлан Жұмағұлов 24 жастағы баласы Әлібидің аяусыз соққыға жығылғанын айтып, әлеуметтік желіге ұлының видеосы мен суреттерін жариялап, көмек сұраған жазбасы қоғамда наразы пікірлерге ұласып, жұртшылық бұл істің «коррупциясыз» тексерілуін талап еткен еді.

XS
SM
MD
LG