Accessibility links

Ресейлік байкерлер Германияға кірді


Ресейлік "Ночные волки" клубының байкерлері Брест қаласында. Беларусь, 28 сәуір 2015 жыл.

Ресейлік "Ночные волки" клубының байкерлері Брест қаласында. Беларусь, 28 сәуір 2015 жыл.

Мәскеуден Берлинге мотоциклмен шыққан ресейлік "Ночные волки" байкерлік клубының бір топ мүшесі Германия территориясына кірді. Бавария полициясының мәліметінше, байкерлер Австрия-Германия шекарасын 3 мамырда кесіп өткен.

Байкерлер бұл сапары арқылы екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияның жеңіліс тапқанына 70 жыл толғанын атап өтпек. Еуропалық бірқатар шенеуніктер Ресей президенті Владимир Путинмен байланысы бар байкерлік клуб мүшелерінің бұл бастамасын сынға алған. Польша билігі байкерлерді шекарасынан өткізуден бас тартқан. Германия билігі клуб мүшелеріне берілген бірнеше визаның күшін жойды. Австрияда ресейліктер Венадағы совет сарбаздарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

XS
SM
MD
LG