Accessibility links

Кабулда Фархунда өліміне қатысты сот өтіп жатыр


Фархунданың өліміне айыпталғандардың үстінен өтіп жатқан сот процесі. Кабул, 2 мамыр 2015 жыл.
Фархунданың өліміне айыпталғандардың үстінен өтіп жатқан сот процесі. Кабул, 2 мамыр 2015 жыл.

Кабулда "Құранды өртеді" деп айыпталған әйелді өлтіру ісіне қатысты өтіп жатқан сот процесінде әйелдің өлімі туралы бейне жазба көрсетілді.Судья айыптаушы жақтан ұялы телефонға түсірілген, 27 жастағы Фархунданы топ ер адамның ұрып-соғып жатқаны туралы видеоны көрсетуді сұрады. Жауапқа тартылған 49 адамның арасында 19 полицей бар. Оларға "әрекетсіздік танытып, қызметтік міндеттерін атқармады" деп айып тағылған.

Фархунданы 19 наурызда бір топ ер адам "Құранды өртеді" деп жазықсыз айыптап, аяусыз ұрып-соғып, денесін өртеген. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Фархунда имаммен оның мешітте әйелдерге тұмар сатуын сынап, сөзге келіп қалған. Дау кезінде әйел құран өртеді деген айыпталып, зорлық көрген.

Фархунданың өлімі Ауғанстанда жаппай наразылық тудырды. Бұл іске қатысты үкімнің қашан шығатыны әлі белгісіз.

XS
SM
MD
LG