Accessibility links

ЮНЕСКО сириялық журналисті марапаттады


ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік сөз бостандығы ісіне қосқан үлесі үшін тағайындаған сыйлығы сириялық журналист әрі белсенді, қазір Сирияда түрмеде отырған Мазен Дарвишке берілді. Ол 2012 жылы екі әріптесімен бірге Сирияның БАҚ және баспасөз еркіндігі орталығында ұсталып, "терроризмді насихаттады" деп айыпталған.

ЮНЕСКО-ның мәлімдеуінше, Дарвишке сыйлық оның "Сириядағы 10 жылдан астам уақыттағы жұмысында көп кедергі көріп, елден шығуға тыйым салынғаны, қуғындалып, бірнеше рет тұтқындалғаны және азапқа ұшырағаны үшін" берілген. Латвияда Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні құрметіне орай өткен салтанатты шарада сөйлеген ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова Сирия билігін Мазен Дарвишті және оның әріптестерін босатуға шақырды. Журналиске берілген сыйлықты оның әйелі алды.

Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, Сирияда қарулы қақтығыстар басталған 2011 жылдан бері 100 мыңға тарта адам тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG