Accessibility links

Киев: Украина шығысында бір сарбаз оққа ұшты


Пески ауылындағы бекіністе тұрған украин сарбазы. Донецк, Украина, 23 сәуір 2015 жыл.
Пески ауылындағы бекіністе тұрған украин сарбазы. Донецк, Украина, 23 сәуір 2015 жыл.

Украина билігінің хабарлауынша, елдің шығысында атыстан бір сарбаз қаза тапты. Украина президенті әкімшілігінің антитеррорлық операция жөніндегі өкілі Андрей Лысенконың айтуынша, ресейшіл сепаратистер атқылау кезінде ірі калибрлі артиллерияны қолданып, ақпан айында Минскіде қол қойылған қақтығысты тоқтату туралы келісімді бұзған. Лысенконың сөзіне қарағанда, 2 мамырда кешке сепаратистер бітімді бұзып минометтен және атиллериялық қарудан 28 рет оқ атқан.

Ал Донецкіні бақылауда ұстап отырған сепаратистер кеше бір тәулікте қарсы жақтан 36 рет оқ атылғанын мәлімдеді.

Өткен жылы сепаратистер мен украин армиясы арасындағы қақтығыстан 6100-ден астам адам қаза тапқан. Қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанына қарамастан кейбір аудандарда жүріп жатқан шағын қақтығыстардан екі жақтан жа адам шығыны болып жатыр.

XS
SM
MD
LG