Accessibility links

"Құрманжан датқа" Иран кинофестивалі жүлдесін алды


"Құрманжан датқа" фильмінен көрініс.

"Құрманжан датқа" фильмінен көрініс.

Қырғызстанның "Құрманжан датқа" фильмі Тегеранда өткен 33-халықаралық "Фаджр" кинофестивалінде төрешілердің арнайы Golden Flag жүлдесімен марапатталды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, "Құрманжан датқа" фильмі - ТМД елдері кинокартиналары арасынан фестивальдің негізгі конкурсына қатысқан жалғыз фильм. Кинофестивальдің бірнеше секциясына әлем бойынша жүзден астам фильм қатысқан.

Бұдан екі апта бұрын "Құрманжан датқа" Калифорнияда өткен Тибурон халықаралық кинофестивалінде бас жүлде мен ең жақсы операторлық жұмысы үшін берілетін сыйлықты жеңіп алған.

"Фаджр" кинофестивалі Тегеранда 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткен.

XS
SM
MD
LG