Accessibility links

Израильде нәсілшілдікке наразы болды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израильдің Тель-Авив қаласы орталығында нәсілшілдікке қарсылық білдіріп көшеге шыққан тегі эфиопиялық израильдіктер полициямен қақтығысты. Шерушілер полиция көлігін аударып, бірнеше дүкенді қиратты. Наразылар полицейлерге тас пен шөлмек лақтырды. Шерушілерді тарату үшін полиция оларға су шашып, адамды мертіктірмейтін граната қолданды. Кейбір ақпараттар бойынша, жараланғандар арасында кемінде 56 полицей мен 12 шеруші бар.

Жаппай наразылық акцияларына бір апта бұрын таралған бейне материал себеп болған. Онда Израиль полицейлерінің Дамас Пакада есімді қара нәсілді израильдік сарбазды ұрып-соққаны көрсетілген.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бүгін Дамас Пакадамен және эфиопиялық еврейлер қауымының өзге де өкілдерімен кездесетінін мәлімдеді.

Эфиопиялық еврейлер Израильге 1984 және 1991 жылдары қоныс аударған. Қазір Израильде 135 мыңнан астам эфиопиялық еврей тұрады.

XS
SM
MD
LG