Accessibility links

Алматы мен Астана әкімдері орнында қалды


Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов.
Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов.

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қызметтерін сақтап қалды. Бүгін Астана қаласында өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қала әкімі қызметіне ұсынған Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасын қолдады. Алматы қалалық мәслихаты депутаттары да президент ұсынған Есімовтің кандидидатурасын қолдап дауыс берді.

Ахметжан Есімов Алматыны 2008 жылдан басқарып келеді. Оған дейін ол үкіметте қызмет істеп, ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды.

Әділбек Жақсыбеков Астананы алғаш 1997 жылдан 2003 жылға дейін басқарған. Өткен жылы ол бұл қызметке қайта тағайындалды. Жақсыбеков әр жылдары үкімет пен президент әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарды.

Астана мен Алматы қалаларының және 14 облыс әкімдерінің өкілеттігі өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта сайлануына байланысты тоқтаған.

XS
SM
MD
LG