Accessibility links

Кабул-Талибан келіссөзі нәтижесіз аяқталды


Үкімет күштері "Талибан" жасқатарымен ұріс кезінде. Құндыз уәлаяты, Ауғанстан, 3 мамыр 2015 жыл.

Үкімет күштері "Талибан" жасқатарымен ұріс кезінде. Құндыз уәлаяты, Ауғанстан, 3 мамыр 2015 жыл.

Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" өкілдерінің Дохада өткен екі күндік келіссөзінен еш нәтиже шықпады. 3 мамырда аяқталған жабық есік жағдайында өткен келіссөзден толымды ақпарат тарамады.

Келіссөзге қатысқан "Талибан" делегациясының жетекшісі Шер Мохаммад Аббас Станекзайдың Reuters агенттігіне телефон арқылы айтуына қарағанда, сегіз адамнан тұратын делегация ауған билігі өкілдерімен тікелей келіссөз жүргізген. Оның сөзінше, екі жақ Ауғанстанда бітім жасасу ықтималдылығын талқылағанымен, елде АҚШ әскерінің болуына қатысты түсіністікке келе алмаған. "Талибан" Ауғанстаннан барлық шетелдік әскери күштер кетпейінше шабуылды тоқтатпайтынын білдірді" деген "Талибан" өкілі.

Үкімет делегациясы шетелдік күштердің көпшілігі Ауғанстаннан әлдеқашан кетіп, тек қауіпсіздік күштерін жаттықтыратын әсерилер ғана қалғанын айтқан. Ресми Кабул "Талибан" шабуылын тоқтатса, қалған шетелдік әскерилер де кететінін ескерткен.

Тараптар келесі айда Біріккен Араб Әмірліктерінде тағы да кездесетін болып тарқасқан.

"Талибан" жасақтары соңғы уақыттары Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз уәлаятында үкімет күштерімен соғысып жатыр.

XS
SM
MD
LG