Accessibility links

Үндістан: Сепаратистер шабуылынан 8 сарбаз оққа ұшты


Үндістан картасы. (Көрнекі сурет).

Үндістан картасы. (Көрнекі сурет).

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бирмамен шекаралас Нагаленд штатында сепаратистер шабуылынан сегіз сарбаз қаза тауып, бес сарбаз жараланды.

Жергілікті полиция өкілдерінің 4 мамырда хабарлауынша, сепаратистер 3 мамырда болған шабуылда әскерилерге оқ атып, кейін жарылғыш бомбаны іске қосқан. Шабуылдан тағы төрт сарбаз із-түзсіз жоғалған.

Полиция шабуылды нагал тайпаларының тәуелсіздігін құру үшін күрес жүргізіп келе жатқан заңсыз Нагаленд ұлтшыл-социалистік кеңесі жасаған болуы мүмкін дейді.

Нагаленд ұлтшыл-социалистік кеңесі өткен айда Үндістан үкіметін өздерінің талаптарына құлақ аспай отыр деп айыптап, ұзаққа созылған бітімнен бас тартқан.

Үндістанның солтүстік-шығысындағы жеті штатта ондаған тайпа тұрады және олардың өз қарулы топтары бар.

XS
SM
MD
LG