Accessibility links

Жаңа туған британ ханшайымының аты-жөні жарияланды


Ұлыбритания ханзадасы герцог Уильям мен оның жұбайы Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон жаңа туған қыздарымен бірге. Лондон, 2 мамыр 2015 жыл.
Ұлыбритания ханзадасы герцог Уильям мен оның жұбайы Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон жаңа туған қыздарымен бірге. Лондон, 2 мамыр 2015 жыл.

Ұлыбритания ханзадасы, патшайым екінші Елизаветаның немересі герцог Уильям мен оның жұбайы Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтонның жаңа туған қызына Шарлотта Елизавета Диана деген есім қойылды. Сәбидің ресми аты-жөні - Жоғары мәртебелі Кембридж ханшайымы Шарлотта.

Шарлотта - атасы Чарльз ханзада есімінің қыздарға тең формасы. Ханшайымның аты бұған қоса британ ханшайымы екінші Елизаветаның және Уильямның бақилық болған анасы Диананың құрметіне қойылған. Сәби 2 мамыр күні Лондон ауруханасында дүниеге келген.

Жаңадан дүние келген нәресте британ патша тағына атасы Уэльс ханзадасы Чарльз, әкесі Уильям және ағасынан кейінгі төртінші мұрагер болмақ.

XS
SM
MD
LG