Accessibility links

Пан Ги Мун Мәскеудегі әскери парадқа қатысады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Мәскеуде өтетін екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысатын болды. БҰҰ хабарлауынша, Пан Ги Мунның Мәскеудегі кездесулерінің жоспары әлі дайындалып жатыр.

Солтүстік Корея атынан Мәскеудегі шараларға Жоғарғы халықтық ассамблея президиумының басшысы Ким Чон Нам қатыспақ. Бұған дейін Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын өзінің шетелге алғашқы сапары ретінде Мәскеуге баруы мүмкін деген ақпарат пайда болған.

Оңтүстік Кореядан шыққан Пан Ги Мун Ресейден өзге Украинаға да барып, осы ел президенті Петр Порошенкомен кездеспек. Өткен аптада Украина сыртқы істер министрі БҰҰ басшысын елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен соғыс жүріп жатқан тұста Мәскеуге барып, әскери парадқа қатысу ниетін сынаған.

Бірқатар батыс елдерінің басшылары Ресейде 9 мамырда өтетін шараларға қатысудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG