Accessibility links

АҚШ-та көрме маңында оқ атқандардың бірі анықталды


Даллас қаласы маңында Мұхаммед пайғамбар карикатураларына арналған көрме қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полицей. АҚШ, 3 мамыр 2015 жыл.
Даллас қаласы маңында Мұхаммед пайғамбар карикатураларына арналған көрме қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полицей. АҚШ, 3 мамыр 2015 жыл.

АҚШ-тың Техас штаты Даллас қаласында Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесі маңында автоматтан оқ атқан екі ер адамның бірінің террористік іс-әрекетке қатысты тергеуде жүрген Элтон Симпсон есімді азамат екені анықталды. Екі адамды да 3 мамырда көрме қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полиция қызметкрелері атып өлтірген.

4 мамырда Федералдық тергеу бюросы Аризона штатының Феникс қаласында Элтон Симпсон тұрды делінген үйге тінту жүргізді. Оқиғаға қатысты түсінік берген Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест "Зұлымдықты ешқандай нәрсемен ақтап алуға болмайды" деп мәлімдеді.

Көрмені American Freedom Defense Initiative қоры ұйымдастырған. Көрмеге қойылған Мұхаммед пайғамбарды бейнелеген ең үздік картинаға 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалған. Ресми құжаттарда бұл ұйымның миссиясы "әлемдік жиһад пен ислам үстемдігі алдында тізе бүгумен күрес" екені айтылған.

XS
SM
MD
LG