Accessibility links

Назарбаев: Мүлікті заңдастыру науқаны енді қайталанбайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанда бұдан былай капиталды заңдастыру науқаны жүргізілмейді деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев. Астанада үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген Назарбаев азаматтарға жалпы халықтық табыс декларациясын өткізгенге дейін мүлікті заңдастырып алу мүмкіндігі берілгенін айтты.

Назарбаев жиында бұған қоса қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа "Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандар мен Қазақстанда тұруға рұқсаты бар адамдарға мүліктерін заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға мүлікті заңдастыру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту жөнінде өзгеріс енгізуді тапсырды.

XS
SM
MD
LG