Accessibility links

Назарбаев ЕАЭО-да кеден реформасын жасауды айтты


Маңғыстау облыстық кеден қызметі. (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облыстық кеден қызметі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Еуразия экономикалық одағындағы (ЕАЭО) кедендік процедураларды реформалау жайын қарастыруды тапсырды.

Үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген Назарбаев бизнестің бәсекеге қабылеттілігі көп жағдайда тауар мен қызметтің әлемдік нарыққа шығуымен анықталатынын айтып, ЕАЭО аясындағы сауда саясатын, кедендік рәсімдерді ауқымды түрде реформалау қажетін мәлімдеді.

"Біз тауар мен қызмет көрсетудің еркін айналымға түсуін қамтамасыз етуіміз керек. Біз тіпті Қазақстан-Қытай шекарасында жүк пойыздарының іркіліссіз өтуіне жағдай жасай алмай отырмыз. Ұзын-сонар кезек туындаған жерде сыбайлас жемқорлық пайда болады. Қаншауын ұстап, нешесін соттадық, ештеңе шығатын емес. Себебі біз негізгі мәселелерді шешпедік" деген Назарбаев.

Қазақстан президенті бұған қоса ЕАЭО аясында кеденде тек үш салық түрін ғана қалдыруды талқылау қажетін айтты.

XS
SM
MD
LG