Accessibility links

Алматы облысында 4,4 магнитудалы жер сілкінді


Алматы қаласының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматыдан шығысқа қарай 209 километр қашықтықта қуаттылығы 4,4 магнитуданы құрайтын жер сілкінді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-зертханалық орталығы.

Жерасты дүмпуі 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат 3:51-де тіркелген. Жір сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында болған. Дүмпу жердің 25 километр тереңдігінен шыққан.

Жерасты дүмпуінің Алматы облысына сезілгені туралы ақпарат жоқ.

2 мамыр күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 540 километр қашықтықта қуаттылығы 4,8 магнитудаға жететін жер сілкінісі болған.

XS
SM
MD
LG