Accessibility links

Лавров: ЕО Донбасстағы бітімді қаламайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропа Одағындағы кейбір елдерді "Украинадағы бітімді бұзуға тырысады" деп айыптады. Мәскеуде баспасөз конференциясында сөйлеген Лавров Еуропа Одағын сепаратистер бақылауындағы аудандарда бейбіт тұрғындар мерт болып жатқан шабуылдарға "көз жұма қарайды" деп айыптады. "Бұл белгілерге қарасақ, Еуропа Одағындағы кейбіреулер бұл одақтың украин үкіметінің Минск келісімін орындаудан бас тартуына мүмкіндік бергенін қалайтын сияқты" деді Лавров Австрия сыртқы істер министрі Себастьян Курцпен кездесуден соң. Лавров соңғы апталарда украин әскері белсенділігінің артуын бейбіт келісімді бұзу әрекеті деп атады.

6 мамырда Минскіде Ресей, Украина және ЕҚЫҰ өкілдерінің төтенше отырысы өтеді. Жиында тараптар ақпанда Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату келісімінің орындалу жағдайын талқылайды.

Ресми Брюссель Лавровтың мәлімдемесіне қатысты әзірге түсінік берген жоқ. Украина әскери қолбасшылығының өкілі Андрей Лысенко сепаратистер жаңа шабуылдар бастау үшін әскери күш жинап жатыр деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG