Accessibility links

Ресейлік БАҚ: Boeing-777-ге "Бук" зымыраны тиген


Malaysia Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағы апатқа ұшырағанан кейінгі көрініс. Донецк облысы, Украина, 17 шілде 2014 жыл.

Malaysia Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағы апатқа ұшырағанан кейінгі көрініс. Донецк облысы, Украина, 17 шілде 2014 жыл.

Донецк облысы аумағында өткен жылдың шілдесінде Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының апатқа ұшырауына "Бук-М1" зениттік кешенінен атылған зымыран тиюі себеп болған. Бұл жайында ресейлік инженерлер даярлаған баяндамаға сілтеме жасаған ресейлік "Новая газета" басылымы хабарлады.

"Новая газетаның" жазуынша, басылым қолына түскен баяндаманы ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешен инженерлері, оның ішінде "Бук" кешенін жобалаған мамандар даярлаған. Баяндама өте құпия және ол ұшақ апатын тексеріп жатқан нидерландылық мамандарға беру үшін дайындалған.

Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып шыққан Boeing-777 ұшағы 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекені аумағында апатқа ұшыраған. Ұшақта болған 298 адамның барлығы қаза тапты.

Украина билігі ұшақ апатына "ресейлік зениттік зымыран кешінін қолданды" деп ресейшіл сепаратистерді айыптайды. Ресей апат болған аймақта Украина әскери-әуе күштерінің ұшақтары болуы мүмкін дейді.

Ресейлік баяндама авторларының ұйғарымынша, ұшақты атып түсірген зымыран Зарощенское елді мекенінің оңтүстігінен атылуы өте ықтимал. Бірақ баяндамада зымыранның нақты қай жерден атылғаны және оны кім атқанына жауап берілмеген.

XS
SM
MD
LG