Accessibility links

Иран-ЕО келіссөзі 12 мамырда жалғасады


Еуропа Одағының дипломатиялық қызмет өкілі Хельг Шмидт (сол жақта) пен Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи. Лозанна, 26 наурыз 2015 жыл.

Еуропа Одағының дипломатиялық қызмет өкілі Хельг Шмидт (сол жақта) пен Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи. Лозанна, 26 наурыз 2015 жыл.

Еуропа Одағы мен Иранның Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеу жөніндегі келіссөзі 12 мамырда Австрияда жалғасады деп мәлімдеді Еуропа комиссиясы.

Еуропа Одағының дипломатиялық қызмет өкілі Хельг Шмидт пен Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи, Иран сыртқы істер министрінің Еуропа және Америка істері бойынша орынбасары Маджид Тахт Раванчи келіссөзді 12 мамырда Венада жалғастырады. Жоспар бойынша, ядролық бағдарламаға қатысты келіссөзге қатысушы әлемдік алты держава - АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия өкілдері келіссөзге 15 мамырда қосылмақ.

Мәлімдемеде келіссөзге қатысушылардың 2 сәуірде Швейцарияда қол қойылған алдын-ала келісімге қатысты жұмысты жалғастыратыны айтылған.

Ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатқа құрылды деуден танбайтын Тегеран сәуірдің басында уран байытуда қолданылатын центрифугалары санын азайтуға келіскен. Оның есесіне Ираннан экономикалық санкциялар алынып тасталмақ.

Иранның ядролық бағдарламасын шектеу мерзімі мен ядролық нысандарына халықаралық бақылаушыларды кіргізу және басқа да мәселелер маусымның 30-ына дейін нақтылануы тиіс.

XS
SM
MD
LG