Accessibility links

Мәскеудегі парадқа Франция сыртқы істер министрі барады


Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.
Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус.

Мәскеуде 9 мамырда екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына орай өтетін мерекелік шараларға Франция атынан сыртқы істер министрі Лоран Фабиус қатысатын болды. Бұл туралы Фабиус бүгін радиоға берген сұхбатында айтты.

Ресей 9 мамырдағы әскери парад пен басқа да шараларға 68 мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерін шақырғанымен олардың тек 20 шақтысы ғана келетінін білдірген. Парадқа қатысатындар арасында Қытай президенті Си Цзиньпин мен Куба президенті Рауль Кастро, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бар.

Мәскеу мерекелік шаралар арқылы екінші дүниежүзілік соғыста одақтас елдердің жеңіске жетудегі Совет одағының рөлін көрсетуге тырысады.

Парадқа түрлі себептермен бармайтын мемлекет басшылары қатарында АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Беларусь президенті Александр Лукашенко және басқалары бар.

Ресей Мәскеуде Қызыл алаңда өтетін парадқа 16 мың сарбаз қатыстырып, жүздеген әскери техника, оның ішінде жаңа Т-14 "Армат" танкісі мен "Коалиция-СВ" деп аталатын аспандата ататын зеңбіректерін көрсетпек.

XS
SM
MD
LG